Инчхон-2014. Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды.
Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын бокстан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады. Жалпы, біздің елден Азия ойындарына спорттың 39 түрінен 420 спортшы қатысады.
Барлығы 50 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ойынның ашылу, жабылу салтанаты және негізгі жарыстар өтетін ең басты алаң – «InchonAsiadMainStadium» нысаны. Стадион 62 818 орынға лайықталған.
Айта кету керек, дүбірлі дода 19-шы қыркүйектен 4-ші қазанға дейін созылады.
Ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03
Қазақстандықтар Президенттің әскерді реформалау туралы шешімін қолдайды
29.09.2026, 20:02
Премьер-министр Қорғаныс министріне тапсырма берді
29.09.2026, 20:01
Петропавлда заманауи кешен бой көтереді
29.09.2026, 20:00
Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасы құрылады
29.09.2026, 20:00