Қызылордада жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионына құрмет көрсетілді
Қызылордалықтар Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарының, чемпионы палуан Бауыржан Жауынтаевқа құрмет көрсетті. Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған Бауыржан жарыстың бірінші күнінде Ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальды салған болатын.
Сайдың тасындай іріктелген кіл мықтының арасынан оқ бойы оза шапқан чемпионды аймақ басшысы қабылдап, жаңа пәтер кілтін табыстады. 17 жасында кіші Олимпиаданы бағындырған Бауыржанның ендігі арманы – Бразилияда өтетін ересектер сынында жеңістің ең биігіне көтерілу.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03