Волейболдан Әлемдік Гран-при жарысының ІІ туры басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан Әлемдік Гран-при жарысының ІІ туры басталды

01.08.2014
Волейболдан Әлемдік Гран-при жарысының ІІ туры басталды

Қазақстан, Мексика, Чехия және Алжир құрамалары Чехияның Брно қаласына жиналды.

Әлемдік Гран-при бәсекесі - 1993 жылдан бері волейболдан әйелдер командалары арасында ұйымдастырылып келе жатқан ең ірі ресми турнирлердің бірі.

21 жылдық тарихы бар сайыста Қазақстан құрамасы 2007 жылдан бері  бағын сынап келеді.

Биыл елімізден бөлек жарысқа 27 команда қатысып өзара шеберлік байқасуда.

Ертең жерлестеріміз Алжир, ал, 3-тамызда Чехия волейболшыларымен кездеседі.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу