«Тур де Франс» жеңімпазы - Винченцо Нибали - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» жеңімпазы - Винченцо Нибали

28.07.2014
«Тур де Франс» жеңімпазы - Винченцо Нибали

Осы маусымдағы ең беделді веложарыс - «Тур де Франс» бәйгесі  мәресіне жетті. 21 кезеңге созылған бәсекенің қортындысы бойынша  «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали   жеңімпаз болып танылды.

Ал, екінші орынды Жан-Кристоф Перо қанағат тұтса, үшінші орынға Тибо Пино жайғасты.

Айта кетейік, Винченцо Нибали аталған велокөпкүндікте 4 рет кезең жеңімпазы болды.

Сонымен қатар, 29 жастағы шабандоз 2010 жылы «Вуэльта Испания» веложарысында топ жарса, 2013 жылы «Джиро д Италия» көпкүндігінде үздік болған.

Хабарламаларға жазылу