ӘЧ-2014: Алғашқы жартылай финалда Германия жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2014: Алғашқы жартылай финалда Германия жеңіске жетті

09.07.2014
ӘЧ-2014: Алғашқы жартылай финалда Германия жеңіске жетті

Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық кездесуі біразға дейін естен кетпестей болды. Чемпионатты қабылдап жатқан Бразилия елінің құрамасы «Минейрао» стадионында Германия құрамасынан 7:1 есебімен жеңілді.

Алғашқы голды Томас Мюллер соқты. Жылдам соғылған бұл гол бразилиялықтардың қорғанысы осы ойында өте нашар екендігін көрсетті. Екінші голды Мирослав Клозе соқты.

Әлем чемпионатында 16-шы добын соққан шабуылшы Бразилия жерінде Роналдоның рекордын басып озды. Содан кейін Тони Кросс 2 минут ішінде дубль авторы атанды.

Ал, 26-шы минутта бразилиялықтарға ес жиғызбастан, Сами Хедира есепті 5:0-ге жеткізді. Жанкүйерлердің көз жасы екінші таймда да тыйылмады.

Ойын соңына қарай Андре Шюрле дубль жасады. Ал, бразилиялықтар болса немістерге бір ғана гол соқты, авторы – Оскар. Қорытынды есеп 7-1.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу