Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы финалға шықты

30.09.2014
Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы финалға шықты

Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы алтын медаль үшін таласатын болды. Жартылай финалда жерлестеріміз Қытай құрамасының жолын кесті.  Бірінші кезеңді 2:1 есебімен қарсыластар басым түссе, екінші сегіз минуттықта қазақстандықтар 3:1 есебімен алға шықты. Үшінші кезең Қытай командасының жеңісімен аяқталса, шешуші кезеңде 6:6 есебі тіркелді. Пенальтиде 5:3 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Енді Сергей Дроздов шәкірттері ертең финалда Жапония құрамасымен кездеседі. 

Хабарламаларға жазылу