Инчхон-2014. Дзюдошы Азамат Мұқанов қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Дзюдошы Азамат Мұқанов қола медаль иеленді

20.09.2014
Инчхон-2014. Дзюдошы Азамат Мұқанов қола медаль иеленді

Қазақстандық палуан Азамат Мұқанов (66 келі) қола жүлде үшін таласта жеңіске жетті. Ол тайпейлік Чиа Хунг Чиеннен басым түсті.

Азамат Мұқановтың 1/16 финалдағы қарсыласы ауғанстандық Заки Зубайрулла татамиге шығудан бас тартты.

Ширек финалда қазақ плауаны қытайлық Ма Дуанбинмен кездесіп, 13:10 есебімен жеңіске жетті.

Ал, жартылай финалда моңғолиялық Төмөрхүлэг Даваадоржға есе жіберді.

Хабарламаларға жазылу