«Барселона» «Атлетиктан» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барселона» «Атлетиктан» басым түсті

21.04.2014
«Барселона» «Атлетиктан» басым түсті
Футболдан Испания чемпионатының 34-ші турында «Барселона» өз алаңында «Атлетикті» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Ойынның 50-минутында Ариц Адурис алғашқы голдың авторы атанып, «Атлетикті» алға шығарды.
 
Алаң иелері 72-ші минутта Педроның көмегімен есепті теңестіре білді. Арада 3 минут өткенде Лионель Месси гол соғып, таблодағы көрсеткішті 2:1-ге өзгертті.
 
Осылайша, «Барселона» 81 ұпай жинап чемпионат кестесінің 2 сатысына жайғасты. І орында 85 ұпаймен «Атлетик» болса, ІІІ орында - «Реал Мадрид» командасы.

Хабарламаларға жазылу