Хоккей: «Барыс» «Авангардтан» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: «Барыс» «Авангардтан» басым түсті

07.10.2021

Барыс хоккей командасы Ресейлік авангардты жеңді. Кездесу тартысты өтті деуге негіз бар. Десе де командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис 54-минутта шайба соқты. Биыл қос команда турнир кестесінде де қатар келеді. «Барыс» 13 ойыннан кейін 10 ұпаймен кестеде 20-орында тұр. Ал «Авангард» 12 ұпаймен 17-орында. Келесі ойынды «Барыс» 8 қазанда елордада Ресейдің СКА командасымен өткізеді.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу