УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шыққан командалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шыққан командалар анықталды

02.11.2022

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шыққан командалар анықталды. Мадридтік Атлетиконы өз алаңында қабылдаған Порту 2-1 есебімен жеңді. Ливерпуль Италиялық Наполиді 2-0 есебімен жеңгенімен «А» тобында бірінші орынға шыға алмады.

Басқа да ойындарға келсек Спортинг-Айнтрахт 1-2, Марсель мен Тоттенхем 1-2, Бавария Интерді 2-0 есебімен жеңді. Ал Испаниялық атақты Барселона Викториядан 2-4 есебімен басым түсті. Алайда Хави шәкірттері биылғы жарыстың негізгі сенсацияларының бірі болып отыр. Себебі басты фавориттердің бірі саналатын Барселона өз тобында үшінші орын алып, чемпиондар лигасынан тыс қалды.

Жарыстың тағы бір мықтысы Атлетико топта тіпті соңғы орында қалды. Осылайша Испаниядан бір ғана Реал Мадрид командасы жарысты жалғастырмақ.

Сонымен өз тобында бірінші және екінші орын алып, плей-оффқа өткен командалар: Наполи, Ливерпуль, Порту, Брюгге, Бавария, Интер және Тоттенхем мен Айнтрахт. Ал топта үшінші орын алғандар енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Бүгін тағы сегіз ойын өтеді.

Орталық матч саналатын Ювентус пен ПСЖ ойынын түнгі сағат 1:50-де Ұлттық арнадан көре аласыздар. Ал Qazsport арнасы 23:35-те «Шахтер Донецк-Лейпциг», ал 1:50-де Милан мен Зальсбург арасындағы кездесуді көрсетеді.     

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу