«Барыс» қарсыласынан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» қарсыласынан басым түсті

15.01.2014
«Барыс» қарсыласынан басым түсті

«Барыс» клубы құрлықтық хоккей лигасы аясында өз айдынында «Спартак» командасымен кездесті. Бірінші болып есепті айдын иелері ашты. Шайба авторы  - Найджел Доус.

 
Артынша қонақтар таразы басын теңестірген. Алайда, бұл күні жергілікті команданы тоқтату мүмкін болмады. Талғат Жайлауов таблодағы есепті өзгертсе, Доус қос шайба авторы атанып, өз командасына жеңіс сыйлады.
 
Қоржынында 88 ұпай бар Астананың «Барысы» шығыс конференциясында әзірге топ бастады.  Ари Пекка Селин шәкірттерінің ендігі қарсыласы – «Медвешчак».

Хабарламаларға жазылу