Алматы волейболшылары ел чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы волейболшылары ел чемпионы атанды

20.03.2014
Алматы волейболшылары ел чемпионы атанды

Тараз қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні алаңға «ҚазХром» және «Шығыс» волейболшылары шықты. 

 
Қола жүлдені қалтаға басып үлгерген хромтаулықтар бұл кездесуде аса қатты тырыспады. Сол себептен бұл ойында Өскеменнен келген жігіттер 3-0 есебімен басым түсті.
 
Алтын медаль үшін талас «Алматы» мен «Конденсат» командалары арасында өтті. Алғашқы сеттерде оралдықтар басымдылық байқатты. Бірақ, артынша ойнатылған үш сетте қатарынан алматылықтар жеңіске жетті.
 
Осылайша «Алматы» командасы Қазақстанның 6 дүркін чемпионы атанды. Ал осы чемпионатта ешкімге дес бермей келген «Конденсат» соңғы сәтте сүрініп күміс медальді иеленді.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу