Атырау волейболшылары чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау волейболшылары чемпион атанды

26.04.2018

Атырау волейбол командасы ел тарихында тұңғыш рет Кубок пен Суперкубокты бірдей жеңіп алды. Сондай-ақ, араға 15 жыл салып Қазақстан Республикасының  чемпионы атағына ие болды. Осыған орай топ жарған үздік команда жанкүйерлерімен кездесіп, әсерлерімен бөлісті.

Басқосуда Атырау облысы волейбол федерациясының президенті Серік Шапкенов құраманы жеңісімен құттықтап, болашақта спорттың осы түрін дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Осылайша, «Атырау» облыстық волейбол командасы  үш бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізіп, мүмкін болған барлық жүлделерді қанжығасына байлады.

Роман Хандролин, «Атырау» облыстық волейбол командасының капитаны: 

- Бағындырған жетістігіміз оңайлықпен келмеді. Ойыншылар барын салды. Еңбек пен үміт ақталды. Бізді қолдаған жандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Бұл жеңіс Атыраудағы волейбол спортының дамуына зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу