«Ертіс-Қазхром» командасы әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогында жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс-Қазхром» командасы әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогында жеңімпазы атанды

01.10.2015
«Ертіс-Қазхром» командасы әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогында жеңімпазы атанды

Қарағанды қаласында әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогында павлодарлық волейболшы қыздар жеңіске жетті. Светлана Котованың шәкірттері алғашқы матчта петропавлдық «Қуаныш» командасын 0:3 есебімен жеңді. Екінші кездесуде «Алматы» құрамасының волейболшылары павлодарлық спортшылармен шеберлік байқасты.

Жеңімпаздарды анықтау үшін волейболшылар төрт партия ойнады. Есеп – 3:1. Үшінші ойын күні павлодарлық команда өскемендік «Алтайды» 3:1 есебімен ұтты. Осылайша, павлодарлық құрама өз тобында бірінші болды. Ширек финалда «Ертіс-Қазхром» тобының қыздары «Жетісу-2» құрамасын жеңді. Есеп – 3:0.

Жартылай финалда павлодарлықтар «Қарағанды» командасымен кездесті. Үш партияның қорытындысы бойынша павлодарлықтар финалға жолдама алды. Финалдық ойында «Ертіс-Казхром» талдықорғандық «Жетісу» клубын 3:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. «Алматы» құрамасы қола медаль иеленді.

Хабарламаларға жазылу