Велотректен қысқы ел чемпионаты жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велотректен қысқы ел чемпионаты жалғасып жатыр

01.03.2014
Велотректен қысқы ел чемпионаты жалғасып жатыр

Астанадағы Сарыарқа кешенінде велотректен қысқы ел чемпионаты жалғасып жатыр. Сайысқа 156 велошабандоз қатысуда. Жарыстың мақсаты мықтыларды анықтап ел құрамасын жасақтау.

 
Жекелей сындағы бәсекенің қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Артем Захаров чемпион атанды. Жүлделі орындарды Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Диас Өмірзақов пен алматылық Никита Фасенко өзара бөлісті. Топтық жарыста Қызылорда  облысынан келген Жақсылық Пазылбекке тең келер қатысушы болған жоқ. Павел Гацский екінші болса, қола медаль Никита Фанасенкоға бұйырды. Чемпионат наурыз айының  3-ші жұлдызында өз мәресіне жетеді.

Хабарламаларға жазылу