Футболдан ел чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

07.05.2022

Бүгін футболдан ел біріншілігінің оныншы туры басталды. Ала доп бәсекесінде алғашқы боп шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» командалары кездесті.

Спорт сарапшылары оныншы турдың басты додасы ретінде де осы ойынды атаған еді. Ал, дәл қазір «Қазспорт» телеарнасында «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы матч тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Премьер лига командалары арасындағы кездесулер ертең де өтеді. «Каспий» мен «Ақтөбе», «Тұран» мен «Шахтер» арасындағы тартысты ойындарды 18:00 және 20:00 де «Қазспорт» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.


Хабарламаларға жазылу