Инчхон-2014. Велотректен ҚР құрамасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Велотректен ҚР құрамасы бекітілді

15.09.2014
Инчхон-2014. Велотректен ҚР құрамасы бекітілді

Астанада велотректен аяқталған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша XVII Жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын құрам жасақталды.

Велотректен Қазақстан құрамасының құрамы:

1. Артем Захаров

2. Никита Панасенко

3. Роберт Гайниев

4. Диас Өмірзақов

5. Никита Клеванов

Шабандоздар омниум және командалық сайыста сынға түседі. Велотректен ҚР мемлекеттік бапкері Жетес Сүлейменовтың айтуынша, қазақстандықтар аталмыш спорт түрлерінен жүлде иеленуге мүмкіндіктері мол.

Сонымен қатар, Азия ойындарында Қазақстанның атынан тас жолында  Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Руслан Тілеубаев қатысады.

Азиада 19 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында басталады.

фото: sk-sport.kz

Хабарламаларға жазылу