![Жанбота Алдабергенова: «Фристайл – қауіпті, бірақ қызықты!»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78891.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық фристайлшылар Сочидегі Олимпиада ойындарында өте жақсы нәтиже көрсетті. Фистайлдың акробатика түріне қатысқан Жанбота Алдабергенова алғашқы Олимпиадасы туралы ой бөлісті.
«Сочи ойындары қатты ұнады. 6-шы орынға ризамын. Себебі алғашқыда 12 үздік спортшының қатарына етсем деп жоспарладым. Алайда қазақстандық жанкүйерлерлердің болмағанына көңілі толмады», - дейді ол.
Жанботаның айтуынша, оған тек Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы ғана қолдау көрсеткен. Ал қазылардың жұмысына жақсы баға берді.
Бұған қоса ол фристайлға дейін көркем гимнастикамен айналысқанын жеткізді . Ол бұл спортқа Азиада ойындарына қатысқан құрбысы Ақмаржан Қалмұрзаеваның кеңесімен келгенін айтты. Спорттың бұл түрі өте қауіпті екенін, ерлік пен жігерді талап екенін де сөз етті, деп жазады sports.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанбота Алдабергенова: «Фристайл – қауіпті, бірақ қызықты!»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/23884/)