Лидия Исак: Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лидия Исак: Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін

24.07.2014
Лидия Исак: Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін

Молдовалық үміткер Лидия Исак Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласында дүниеге келген. 2008 жылы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірген.

Қазіргі уақытта Молдовадағы музыкалық академияның эстрада-джаз кафедрасының тәлімгері. Бірнеше халықаралық конкурстың жеңімпазы.

Лидия таза ауада серуендеп, кітап оқығанды ұнатады.

«John Legend»-пен дуэт айтуды қатты армандайды. Лидия Исак байқауға қатысып жатқан барлық қатысушыға сәттілік тілейді.

Лидия байқаудың алғашқы күнінде 12-ші нөмірмен қатысады.

Хабарламаларға жазылу