Қазақстан - өркендеудің сара жолын ұстанған мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - өркендеудің сара жолын ұстанған мемлекет

24.06.2014
Қазақстан - өркендеудің сара жолын ұстанған мемлекет
Қазір қуатты мемлекеттердің қатарында  ойып тұрып алған орнымыз бар. Ұлтаралық татулықты ту етіп, бірлікті бекем ұстанған Қазақ елінің болашағы жарқын.
 
 Қазақстан туралы әлем саясаткерлерінің пайымды пікірлері осыған саяды. 
 
Ахмед Гейт, Египет Араб Республикасының саясаткері:
Мен дамудың даңғыл жолына түсіп, бүгінде биік белестерді бағындырған Қазақ халқын шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанға келіп, жас та болса зор жетістіктерге қол жеткізіп, өркендеудің сара жолын ұстанған мемлекетті көрдім.
 
Питер Кент, Канада саясаткері:
Мен Қазақ елінің астанасына алғаш рет келдім. Қонақжай халқы мен көркі көз тартар әсем архитектурасына қарап, қатты таңғалдым. Канада мемлекеті Қазақстанның көшбасшылығын жоғары бағалайды.
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу