Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста финалға өтті

14.02.2014
Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста финалға өтті
Сочи Олимпиадасында 5000 метрлік қашықтықтағы шорт-тректен эстафеталық жарыста қазақстандық спортшылар финалға өтті. Ел намысын бұл жарыста Абзал Ажғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша қорғады.
 
Жартылай финалда біздің жігіттер 6 минут 47,152 секунд уақыт көрсетіп, өз тобында екінші орын алды. Олар АҚШ және Оңтүстік Корея спортшыларын артқа тастап, Голландия құрамасымен бірге «А» финалына жолдама алды.
 
Финалдық кезең 21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні Астана уақытымен 00:20-да өтеді. Қазақстандық спортшылардың ақтық бәсекедегі қарсыластары – Голландия, Ресей, және Қытай.

Хабарламаларға жазылу