Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста бесінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста бесінші орын алды

22.02.2014
Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста бесінші орын алды
Сочи Олимпиадасында Қазақстанның шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада бесінші орын алды.
 
Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев жүгірді.
 
Біздің спортшылардың қарсыластары – Ресей, АҚШ, Голландия және Қытай құрамалары болды. Жарыстың басында Голландия және Қытай спортшылары сүрініп, қалғандары алға ұзап кеткен еді. Алайда қазақстандық шорт-трекшілер үшінші орынды сақтап қала алмады.
 
Мәреге бірінші Ресей, ал екінші АҚШ спортшылары жетті. Үшінші орында – Қытай құрамасы. Қазақстандық шорт-трекшілер бесінші орынды қанағат тұтты.
 

Хабарламаларға жазылу