Шорт-тректен Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы үшінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы үшінші орын алды

09.03.2014
Шорт-тректен Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы үшінші орын алды

Түркияның Ерзумур қаласында шорт-тректен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды alaman.kz. 500 метрлік жарыстың финалында Денис Никиша 44,844 секунд нәтиже көрсетті.

Бірінші орын венгриялық Луи Шаолин Сандорға бұйырса (41,925), екінші орында - канадалық Самуэль Джерардта (42,061). Денис Никиша 500 метрде жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын орнатты. Ол ширек финалдық жарыста бес жүз метрді 41,027 секундта жүгіріп өтті. Бұл - рекорд.

Бірақ Никиша ширек финалдағы бұл көрсеткішін финалда қайталай алған жоқ. «Бұл спортшыСочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындарына да қатысып, эстафеталық жарыста Қазақстан құрамасының сапында бесінші орын алған» делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу