Ресейде дәрі-дәрмек тапшы бола бастады
Ресейде дәрі-дәрмек дефициті тіркелді. Сонымен қатар құны бір айда 15 пайызға өскен. Мамандар дәрі тапшылығы мен бағаға импорттық шикізатқа тәуелділік, логистика шығындары және өндірістің қымбаттауы себеп болғанын айтады. Ресейде отандық дәрі өндірісі дамып жатқанымен, күрделі препараттар мен бірқатар маңызды фармацевтикалық компонент шетелдік шикізатқа тәуелді. Сондықтан енді Ресей Үндістан және Беларусьтен дәрі сатып ала бастады.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
Қазір стационарлық емханаларда да антибиотиктерге сұраныс жоғары. Олар көптеген өңірде жетпейді. Егер жеткізілім тізбегінде іркіліс болса, дәріханаларда белгілі бір препараттардың тапшылығы туындайды. Ал сұраныс жоғары, ұсыныс төмен болған жағдайда баға да өседі. Әсіресе, созылмалы ауруы бар және күнделікті дәрі қабылдайтын науқастар үшін бұл үлкен әлеуметтік мәселеге айналып отыр.