Басты Жаңалықтар Жаңа Қылмыстық кодекс әзірленеді

Жаңа Қылмыстық кодекс әзірленеді

Елімізде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекс әзірленіп жатыр. Яғни қылмыс жасағандарға қандай жаза берілетіні, тергеу қалай жүргізілетіні және азаматтардың құқығы қалай қорғалатыны қайта қаралады. Бұл туралы Астанада өткен ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды. Іс-шарада қылмыстық теріс қылық деген ұғымды заңнан алып тастау, бас бостандығынан айырудан басқа да жаза түрлерін көбейту мәселесі көтерілді.

Жанар Жігітекова, ҚР Әділет министрлігінің заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

Жаңа кодекстерде азаматтардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, күдіктінің адвокат көмегін алу құқығы, соттың тергеуді мұқият бақылауы және дәлелдерді жинау тәртібі нақтыланады. Қылмыстық істерді тергеу кезінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану жолдары қарастырылады. Басты мақсат – қылмыспен күресу және жазықсыз адамдардың негізсіз жауапқа тартылуына жол бермеу.

Бөлісу