Басты Жаңалықтар Израильдің соққысынан Газа секторында 10 адам қаза тапты

Израильдің соққысынан Газа секторында 10 адам қаза тапты

Өткен тәулікте Израиль әуе күштері Газа секторына әуеден бес рет соққы беріп, 10 палестиналықты мерт қылды. Мұны жергілікті госпитальдердің дәрігерлері мәлімдеп отыр. Құрбандардың ішінде Хамас үкіметінің білім министрінің орынбасары мен оның әйелі бар. Оларды жерлеу рәсімі бейсенбі күні өтті.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл операцияның «Хамастың» лидерлері мен оның содырларына қарсы жүргізілгенін алға тартып, өткен айда 80-ге жуық хамастық жойылғанын мәлімдеді.

Еске салайық, Газадағы атысты тоқтату туралы келісім былтыр қазан айында күшіне енді. Соған қарамастан, бұл анклавта бір жыл ішінде Израильдің шабуылдарынан 1600-дей палестиналық қаза тауып, ЦАХАЛ армиясы 5 жауынгер жоғалтқан екен.

Бөлісу