Ердоған президент сайлауына түсетінін мәлімдеді
Түркияның Вице Президенті Жевдет Йылмаз биліктегі коалиция атынан 2028 жылғы президенттік сайлауға Режеп Тайып Ердоған кандидант ретінде ұсынылатынын мәлімдеді. 2024 жылы Ердоған бұдан кейінгі сайлауға қатыспайтынын айтқан еді. Алайда өткен айда Ұлтшылдар партиясының лидері Девлет Бахчели Ердоғанды кезекті сайлауға өзін үміткер ретінде ұсынуға шақырды. Мұны Президенттің өзге де жақтастары қолдады. Сондай-ақ, бұған дейін кей оппозициялық партиялар президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді ұсынған еді. Түркия Вице Президенті бұл ұсыныс қабылданбайтынын, президенттік сайлау өз мерзімінде, яғни 2028 жылы өтетінін айтты.
Жевдет Йылмаз, Түркияның вице-президенті:
Біздің партияның ішінде де, Халықтық Альянстағы серіктесімізде де Президентіміздің кандидатурасын қайта ұсынуға қатысты нақты ұстанымымыз бар. Біз әлемдегі бүгінгідей экономикалық және геосаяси тұрғыдан қиын кезеңдерде көшбасшылық бұрынғыдан да маңызды деп санаймыз. Сондықтан тәжірибелі және табанды көшбасшы еліміз үшін өте құнды. Біз бұған сол тұрғыдан, Президентіміздің кандидатурасы тұрғысынан қараймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы