Байланыс операторларына ₸7 млрд айыппұл салынды
Қазақстандағы байланыс операторларына интернет сапасына қатысты 7 млрд теңге айыппұл салынды. Қаражат республикалық бюджетке түскен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі айтты. Алайда Жаслан Мәдиев айыппұлдың нақты қай операторларға салынғанын ашып айтпады. Оның сөзінше, елдегі интернет жылдамдығы мен қолжетімділігіне қатысты жалпы деңгей жаман емес. Дегенмен байланыс сапасы төмен учаскелердегі мәселені шешу қиын болып отыр. Олардың саны 200-ден асады. Егер операторлар белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді түзетпесе, оларға тағы айыппұл салынады.
Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
Біз мұндай заңбұзушылықтарға көз жұма қарамаймыз. Ешкімді бөліп-жармаймыз. Ерекше қарайтын операторларымыз жоқ. Заң бәріне ортақ, барлығын тексереміз, заңбұзушылық анықталғаннан кейін берілген мерзімде мәселені түзетпесе, онда біз айыппұл саламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы