Әлем жаңалықтарына шолу
СОР31 саммиті: Ортақ келісім жасалған жоқ
Түркияның Анталиясында өткен климат жөніндегі саммитте қорытынды декларация қабылданған жоқ. Мемлекеттер қазба отындарын пайдаланудан бас тарту мәселесінде ортақ мәмілеге келе алмады. Олар қазба отындарына қатысты нақты міндеттемелердің декларацияға енгізілмеуіне көңілі толмаған.
Индонезияда фабрикадағы өрттен 24 адам қаза тапты
Индонезияның Ява аралында кондитерлік фабрикада болған өрттен 24 адам қаза тапты. Тағы 30-ға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Апат болған жерде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кей мәліметтерге сай, өрт ғимараттың үшінші қабатындағы салқындату жүйесінен шыққан болуы мүмкін.
Брюссельде 400-ден астам ұшақ рейсі доғарылды
Бельгия астанасы Брюссель әуежайында 400-ден астам ұшақ рейсі тоқтады. Бұған елде өтіп жатқан жалпыұлттық ереуілге әуе диспетчерлерінің қосылуы себеп болған. Ұшу кестесіндегі өзгерістерден 50 мыңнан аса адам жолынан қалды. Наразылық акциясына байланысты автобус, трамвай және метро желілерінде де іркілістер туындаған.
Емтихан дауы: Оңтүстік Кореяның білім министрі қызметінен кетті
Оңтүстік Кореяның білім министрі Чхве Гё Джин емтихан дауынан кейін қызметінен кетті. Бұған ұлттық емтихан кезінде оқушылардың жасанды интеллект көмегімен көшіруі себеп болған. Тексеру нәтижесінде электронды құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды. Министрдің бұл жағдайға қатысты кеш әрекет етуі қоғамның сынына ұшырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы