Басты Жаңалықтар Жаңа Азаматтық кодекс: Азамат пен бизнес құқығы тең қорғалуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: Азамат пен бизнес құқығы тең қорғалуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс заман талабына сай болуы қажет! Ең алдымен құжат қарапайым азамат пен ірі корпорациялар арасындағы құқықтық теңсіздікті жоюға бағытталуы тиіс. Сарапшылар сөзінше, қолданыстағы нормалар бүгінгі заманның сұраныстарына жауап бере алмай жатыр. Мәселен, қарапайым азамат банкпен, құрылыс компаниясымен немесе басқа да ірі мекемемен келісім жасағанда оның талаптарын өзгерте алмайды. Кейін келіспеушілік туындаса, өз құқығын қорғау оңай болмайды. Сондықтан кодекс ең алдымен осындай жағдайда азаматтың мүддесін қорғап, екі тараптың да құқығын тең ұстауы керек. Ал кәсіпкерлер үшін заң талаптарының түсінікті әрі тұрақты болғаны маңызды. Сондықтан жаңа құжат тараптар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуі қажет.

Ермек Баяхметұлы, заң ғылымдарының докторы:

Азаматтық кодексті экономикалық конституция деп айтуға болады. Мысалы, корпорациялар, холдингтер пайда болды. Жаңа құқық пайда болды. Соның ішіндегі мүшелердің қарым-қатынастары, ақша алу, зат сату, акцияларды сату – соның бәрі реттелуі керек. Өйткені цифрлық заманда оның әдістері бөлек болуы керек.

Дархан Төкеев, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Азаматтық кодекс қазіргі таңда көптеген мәселелерді қамтымайды. Келісімшарттарға қатысты өзгертулер мен толықтырулар болуы қажет. Олардың жүзеге асырылу тәртібі қалай? Шетелдік инвестицияға қатысты келісімшарттар туындаған жағдайда Азаматтық кодекс нормалары қалай жүзеге асуы керек? Осының барлығы өзгерту мен толықтыруларды қажет етіп отыр.

Бөлісу