Басты Жаңалықтар Халықаралық білім бағдарламасына сұраныс жоғары

Халықаралық білім бағдарламасына сұраныс жоғары

2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанға жетекші шетелдік жоғары оқу орындарын тарту бастамасы қолға алынды. Петропавл қаласындағы Қозыбаев университеті алғашқы болып, АҚШ-тағы Аризона университетімен стратегиялық серіктестік орнатты. Бүгінгі күні халықаралық кампуста 1500-ден астам студент біліп алып жүр. Оларға АҚШ, Түркия, Италия мен Ресей профессорларының дәріс береді. Бұл бағдарлама өрт сөндірушілерге уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Авторы Арғын Қайсар 3-курс студенті. Елордадан білім қуып Қызылжарға келген. Бірнеше цифрлық бағдарлама авторы.

Арғын Қайсар, студент:

Өте үлкен мүмкіндіктер беріледі. Шет елге, бір жерге IT мамандыққа орналасуға және де өзіміздің Қазақстанның компанияларында кез келген ІТ мамандыққа орналасып, ақпаратттық технология бағытында программалар жасауға болады.

Биыл Аризона университетімен серіктестік аясында ашылған халықаралық кампусты 130-дан астам студент тәмамдады. 31 адам қос дипломға ие болды. Қазір олардың дені алыс-жақын шет елдер мен отандық университеттерде  магистратурада білім алып жүр. Солардың бірі  - Полина Кудрявцева. 

Полина Кудрявцева, биотехнолог:

Бұл университет қабырғасында сапалы білім алдым. Биотехнолог мамандығын меңгердім. Соңғы курста Америкада оқыдым. 4 жыл бойы алған білімімді қазір тәжірибеде қолданып жүрмін. Екі дипломдық бағдарлама  - мен сияқты жастар үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. 

Сертіктестік аясында Аризона университетімен бірлесіп, су ресурстары, экология, геномика, биотехнология және жасанды интеллект бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 6 зертхана ашылып, PhD докторларын даярлау көзделген. Сондай-ақ университет қабырғасында Орталық Азиядағы алғашқы Биоинформатика мектебі құрылып, 6 елден 24 зерттеуші білімін жетілдірді.

Әсет Жәнісов, М.Қозыбаев университеті халықаралық кампусының атқарушы директоры:

Аризона университетінің білікті профессорларының онлайн, офлайн түрінде дәрістерге қол жеткізеді. Білім ресурстарына толық пайдалану мүмкіндігі бар. Аризона университенінің көмегімен, мысалы үшін, біздің студенттер шетелдегі ғылыми орталықтарына барып, ғылыми тағылымдамадан өтті.

Шет елге ең үздік студенттер ғана жіберілді. Қос дипломдық бағдарлама бойынша ІТ, биотехнолгия, педагогика, бизнес және менеджмент мамандары даярланады. Оқытушылардың айтуынша, сұраныс жыл сайын артып келеді. Серіктестіктің басты мақсаты -  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ғана емес, отандық ғылымның әлеуетін арттыру, жаңа технологияларды дамыту және ел  экономикасының тұрақты өркендеуіне үлес қосу.

Бөлісу