Басты Жаңалықтар Қазақстандағы шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті

Қазақстандағы шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті

Қазақстанда білім алуға қызығушылық танытқан шетелдік жастардың қатары артып келеді. Былтыр елімізде 31 мыңға жуық шетелдік студент білім алса, биыл бұл көрсеткіш 41 мыңға жеткен. Оның 8 мыңнан астамы Қазақстанның қаржылай қолдауымен оқып жатыр. Президент 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспары бар екенін атап өткен болатын. Ал шетелдік жастарды еліміздің жоғары оқу орындары несімен қызықтырады? Бұл туралы студенттердің бірінен сұрап көрдік.

Ле Анх Тху, шетелдік студент:

Мен Вьетнамнан келдім. Мамандығым - халықаралық құқықтану. Қазақстанда білім алу үшін GPA талаптарына сай болып, мотивациялық хат пен қажетті құжаттарды тапсырдым. Қазақстанға келуіме әпкемнің де осында білім алуы әсер етті. Ол маған бұл елде оқуға кеңес берді. Алдағы уақытта Қазақстанда қалып, магистратурада білімімді жалғастырып, жұмыс істегім келеді.

Бөлісу