Елімізде 3 бірдей дрон зауыты салынады
Елімізде 3 бірдей дрон шығаратын зауыт салынатынын бұған дейін айтқанбыз. Өндіріс орындары жылына 15 мың аппарат шығаруға қауқарлы. Майданда қолданылатын қорғаныс құралдары «Майлан» далалық оқу орталығында бүгін сынақтан өтті. 15 команда бақ сынаған жарысты Жақсылық Жасұланұлы көріп келді.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұршықша иірген жігіттердің осалы жоқ. Барлығы да әскери әдістің әккі әрекеттерін әуелден білетін жігіттер. Олар алдымен қорғаныс құралын пайдаланып кепілдегі адамды құтқаруға оқталды.
4 кезеңнен тұратын сайысқа 15 команда қатысқан. Әр топ өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауы шарт.
Жақсылық Жасұланұлы, тілші:
Технология түрленген сайын тактикада өзерген. Ғимаратқа бұрынғыдай мысық табандап кіріп, басын бәйгеге тігіп, сарбаздар сарсаңға түспейді. Іштегіні алдымен дронмен барлап, қарсыласты жаулап алуға тырысады. Екінші айналымдағы әскерилердің әзірге қарқыны тәуір.
Дронды пайдаланумен қатар, одан қорғанудың тәсілдері де тәптіштеп түсіндірілді.
Азамат Хасенов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы:
Ұшқышсыз ұшу аппаратарына қарсы қандай бізде жағдайлар бар. Алыстан келе жатқанда бірінші анықтап қай нүктеде келе жатыр. Қай нүктеде оператор отыр? Оны анықтауымыз керек алыстан. Екіншіден қалай біз оны рэптармен тоқтата білеміз? Қай қашықтықта?
Тағы бір қуантарлығы, тапсырманы орындау кезінде пайдаланған аппараттарды әскерилер өздері құрастырады екен.
Берік Сарманов, жарысқа қатысушы:
Дрондарды тек өзіміз жинаймыз. Өзіміздің дрондар. Дайын да сатып алуға болады. Бірақ біздің өзіміздің тәжірибемізде жақсарту үшін, көбейту үшін біз өзіміз жинаймыз. Өйткені керек кезінде дайын дрон сатып алуға мүмкіндік болмайды. Сол үшін өзіміз жинай береміз.
Қазақ әскері жарақтан тарықпасын деп елімізде 3 бірдей дрон шығаратын зауыт салынбақ. Өндірістік жабдықтарының 80 пайызы өзімізде өндіріледі.
Рауан Демесінов, WSE ЖШС комерциялық директоры:
Қазір сырттан келетін ұшқышсыз ұшақтар проблема қазір. Біз жаққа ешкім бөліскісі келмейді. Бергісі келмейді. Көршіміз Қытайларда шектеу бар. Біз соларға тәуелді болмауымыз үшін осы үш зауытты салып осылай өндірмек ойымыз бар.
Ал мониторда үйренгенін майдан даласында айна-қатесіз қайталаған Мемлекеттік күзет қызметінің жігіттері бәйгенің алдынан келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы