Зейнетақы жинақтарын кәдеге жарататындар көбейіп келеді
Зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компанияларға сеніп тапсыратын азаматтардың қатары артып келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығында 33 мыңға жуық адам зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударған. Қаражаттың жалпы көлемі 92,2 миллиард теңгеге жетті. Ал 6 қыркүйекке дейінгі кезеңде жеке басқаруға қаражатын бергендер саны 44 мыңнан асқан. Жеке басқаруға қызығушылық танытқандардың басым бөлігі – 30 бен 39 жас аралығындағы азаматтар. Айта кетейік, биыл қыркүйектен бастап азаматтарға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі ұсынылды. Бұған дейін салымшылар жинағының тек 50 пайызын ғана аудара алатын.
Ләззат Әмірғалиева, «БЖЗҚ» АҚ инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы:
ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі. Шешім қабылдамас бұрын нарықтағы инвестициялық портфельді басқарушылардың тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы орналастырылған инвестиция, декларацияларын зерделеуге ұсынамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы