Сочиде Қазақстанның қонақтарға арналған Үйі ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде Қазақстанның қонақтарға арналған Үйі ашылды (ФОТО)

10.02.2014
Сочиде Қазақстанның қонақтарға арналған Үйі ашылды (ФОТО)
Сочиде ашылған бұл Үй Олимпиада ойындарының тарихында алғашқы рет болып тұр. Қазақстандық Үй Олимпиадалық қалашықтың ортасында орналасқан.

 

«Қазақстанның» көршілері – Норвегия мен Италия елдері. Үйге келген қонақтарды ұлттық аспаптардың үнімен қарсы алады. Осыған қоса, барша меймандарға EXPO-2017 көрмесі туралы ақпарат беріледі.

Әрбір адам Қазақстан Ұлттық құрамасының киімін виртуалды түрде киіп, суретке түсе алады. Жоспарда басқа елдердің өкілдерімен кездесулер өткізіп, шетел журналистеріне қазақтың ұлттық тамақтарын ұсыну бар.
 
Аян Қайырбаев
Фото: vesti.kz

Хабарламаларға жазылу