Гүлназ Әлімгерей мен Нұрділдә Ораз Қазақ елін Америкаға таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлназ Әлімгерей мен Нұрділдә Ораз Қазақ елін Америкаға таныстырды

27.02.2015
Гүлназ Әлімгерей мен Нұрділдә Ораз Қазақ елін Америкаға таныстырды

Ұлттық арнаның тележүргізушісі Гүлназ Әлімгерей мен танымал журналист Нұрділдә Ораз «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Калифорния штатындағы Монтерей институтында білім алуда. Жерлестеріміз жақында

«Middlebury Institute of International Studies at Monterey» институтында ұйымдастырылған  «International Education Day» шарасына қатысты.

Онда журналистер  Қазақ елін Америка халқына таныстырып, халық әндерін орындап,  келген қонақтарға қазақтың кең дастарханынан дәм татқызды. Сондай-ақ, Қазақстанның көрікті жерлері мен елдің бүгінгі жетістіктері турасында деректі фильм көрсетті.

«Қазақтың қара домбырасының күмбірі елді елең еткізіп, ерекше ілтипатқа бөледі» - дейді олар.

Фото: Г.Әлімгерейдің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Хабарламаларға жазылу