Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық айтыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

30.09.2023

Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аламан айтыс өтті. Сөз додасының үздігін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған әділқазылар алқасы анықтады. Үздік атанған айтыскер ақынға 2,5 млн теңге табысталды. Айта кетсем, биыл Оралхан Бөкейдің мерейтойын атап өту қаламгердің туған жері Катонқарағай ауданында бастау алған болатын. Мерейтой аясында жазушының туған жері Шыңғыстай ауылында мұражай-үйі ашылды.

Шұғайып Сезімхан, айтыскер ақын:

Бұл Оралхан деген бәріміздің жүрегімізден ойып орын алған. Кәдімгі еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ұғынықты тілі Алматы шаһарында осындай үлкен айтыс болмағалы 2-3 жылдың жүзі болып қалды ғой деймін. Халық та сағынып қалған. Ақындарда халықты сағынып қалған. Сары күзде сағынышымыз сарғайып көрерменмен қауышып жатырмыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу