Сочиде ғибадат бөлмелері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде ғибадат бөлмелері ашылды

07.02.2014
Сочиде ғибадат бөлмелері ашылды
Сочиде Олимпиада өтетін үш аймақта христиан дінінің православтық және батыстық дәстүрлерін ұстанатын азаматтарға, мұсылман, иудей, буддистер мен индуистерге арналған ғибадат орындары әзірленгені туралы e-islam.kz сайты хабарлады.
 
Жалпы, Қысқы Олимпиада ойындарының тарихында әртүрлі дін және сенім өкілдеріне жеке-дара бөлмелер алғаш рет қарасытырлып отыр. Бұған дейін барлық қатысушылар діни-нанымдарының әртүрлілігіне қарамай,  бір орталықта ғибаттарын атқарған екен.
 
Ғибадат бөлмелері діни конфессия өкілдері мен 2014 жылғы Олимпиада ойындары волонтерларының көмегімен жасақталған. Ислам дініндегі спортшылар үшін Сочидегі әр елдімекенде әйелдер мен ерлерге арналған екі мұсылман бөлмелері жасалған. Сондай-ақ, олардың ас-ауқаты да ислам талаптарына сай келетіндігі расталып отыр.

Хабарламаларға жазылу