Астанада «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты көрме ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты көрме ашылды (ФОТО)

31.05.2016
Астанада «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты  көрме ашылды (ФОТО)

ҚР Ұлттық музейінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты заманауи өнер туындылары көрмесі ашылды.

Бұл көрме ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков пен Қазақстанның суретшілері Айнұр Сәденова, Алмагүл Меңлібаева және Сырлыбек Бекботаевтың бірлескен көркем-гуманитарлық жобасы. 

Авторлардың айтуынша, шараның мақсаты өткен тарихымызда болған қайғылы оқиғалардың табиғаты мен терең мәнін жұртшылыққа жеткізуге негізделген, сондай-ақ Қазақстанның 1930-1956 жылдар арасындағы кезеңде бұрмаланған тарихын қайта қалпына келтіруге, 11 арнайы еңбекпен түзеу лагерлерінде ұсталған миллионнан астам тұтқынның тауқыметті тағдырын кеңінен айтып беруге арналып отыр. 

Музей залдарының бірінде сегіз инсталляция көпшілік назарына ұсынылып отыр. Оның бірі Алмагүл Меңлібаеваға тиесілі. Бүгінде ол мультимедиа-суретші ретінде танылып отыр. Суретші ұсынған «Шанель № 5» деп аталатын инсталляцияда «АЛЖИР» тұтқыны болған әйелдің естелігі қамтылған.

Ал Нұрлан Дулатбековтің ҚАРЛАГ туралы кітап инсталляциясында фотоальбомдар, очеректер, тарихи мәліметтер мен фактілер, зерттеулер , естеліктер жинақталған. 

Аталған көрме Ұлттық музейде 30 мамыр мен 15 шілде аралығында өтеді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу