Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин: Қазақстан – бірегей дала өркениетінің алтын бесігі

Ерлан Қарин: Қазақстан – бірегей дала өркениетінің алтын бесігі

Ерлан Қарин: Қазақстан – бірегей дала өркениетінің алтын бесігі

Қазақстан – көне мемлекеттер мен алып империялардың мекені ғана емес, әлемдік ғылым мен руханияттың дамуына үлес қосқан бірегей дала өркениетінің алтын бесігі. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин Алматыда өткен «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумында мәлімдеді.
Ерлан Қарин, ҚР Вице-Президенті:

Ұлы Далада мемлекеттіліктің терең дәстүрі қалыптасты. Ірі мәдениеттер мен дүниетанымдар түйісті. Ғылым мен өнердің, руханият пен ой-пікірдің өзіндік мектебі пайда болды. Сол зияткерлік әлеуеттің ең жарқын дәлелі – адамзат ойының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларымыз екені анық. Осы орайда әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сияқты ғұламаларды ерекше атап өтеміз. Бұл біздің «Қазақ елі, Ұлы Дала – ойшылдар мекені» деген тұжырымды ойымызды одан әрі қуаттай түседі. Шынында да, орта ғасырлардағы Орталық Азия аймағы адамзаттың өркендеуіне айрықша үлес қосқан озық ойлардың ордасы болған. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі дархан далада талай ғұлама ғалымдар өмір сүрген. Біз – солардың теңдессіз еңбектерінің және даналық дәстүрлерінің заңды мұрагеріміз. 

Халықаралық әл-Фараби симпозиумға еліміздің және шетелдің 150-ден астам ғалымдары, зерттеушілері, сарапшылары, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Бөлісу