Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин: Қазақстан өзінің тарихи және рухани мұрасын зерттеуді жүйелі түрде қолға алды

Ерлан Қарин: Қазақстан өзінің тарихи және рухани мұрасын зерттеуді жүйелі түрде қолға алды

Ерлан Қарин: Қазақстан өзінің тарихи және рухани мұрасын зерттеуді жүйелі түрде қолға алды

Қазақстанда тарихи және рухани мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау жұмыстары жүйелі әрі кешенді сипат алып келеді. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин Алматыда өткен «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумында мәлімдеді.

Ерлан Қарин, ҚР Вице-Президенті:

Президент Түркістанда — Ясауи, Алматыда әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумдарды бұдан былай тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сондықтан, екі үлкен тұлғаға арналған мұндай жиындар кезекпенен екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл — рухани мұрамызды науқандық емес, институционалдық деңгейде жүйелі әрі кешенді зерттеуге көшкенімізді көрсетеді. Қазақстан өзінің тарихын, рухани мұрасын зерттеуді, насихаттауды жүйелі түрде қолға алып жатыр. Бұл — ағартушылық бағыттағы үлкен бетбұрыстың белгісі.

Вице-Президент халықаралық симпозиумның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Президент жиынға қатысушыларға жолдаған хатында ұлы ойшылдардың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың, сондай-ақ оның бәрін заманауи ғылым тұрғысынан пайымдаудың маңызды екеніне назар аударған.

Бөлісу