Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин: «Құрылыс және тағы да құрылыс» – жасампаздыққа үндейтін идеологиялық формула

Ерлан Қарин: «Құрылыс және тағы да құрылыс» – жасампаздыққа үндейтін идеологиялық формула

Ерлан Қарин: «Құрылыс және тағы да құрылыс» – жасампаздыққа үндейтін идеологиялық формула

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрылыс және тағы да құрылыс» бастамасы елдің экономикалық дамуын ғана емес, қоғамды жасампаздыққа жұмылдыратын маңызды идеологиялық бағытты да айқындайды. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин Алматыда өткен «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумында мәлімдеді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған жиында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының білім мен ғылымды дамытуға, жоғары технологияларға негізделген қуатты Қазақстанды қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

Ерлан Қарин, ҚР Вице-Президенті:

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да келер ұрпаққа жоғары технологияға, білім мен ғылымға табан тіреген күшті Қазақстанды аманат ету қажет екенін ерекше атап өтті. Сол үшін де «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады. Соның аясында еліміздің барлық аймағында жүздеген ғылым, мәдениет, спорт және басқа да әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандар бой көтеретін болады. Бұл нысандар халықтың игілігіне қызмет етеді. Сондықтан да, «Халықтық құрылыс» деген кең ауқымды мазмұнға ие болды. Президенттің Жолдауда айтқан «Құрылыс және тағы да құрылыс» деген үндеуі – Қазақстанның экономикалық саясаты ғана емес, бұл – белгілі бір дәрежеде идеологиялық формула. Себебі, бұл – жасампаздыққа бағыттайды. Бұл баршамыз жұмыла бірге еңбек етіп, саламыз, жасаймыз, құрамыз дегенді меңзейді. 

Вице-Президент мұның бәрі – Президенттің экономикасы қуатты, технологиясы дамыған, білімі мен ғылымы озық, жасампаз әрі өркениетті ел құру жолындағы табанды, жігерлі қадамдары екенін атап өтті.

Бөлісу