Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Иорданияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мемлекет басшысы Иорданияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мемлекет басшысы Иорданияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды. Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады. Мемлекет басшысы бұл жоғары наградаға ие болу зор мәртебе екенін жеткізді.

«Бұл орден Сіздің текті әулетіңіздің абыройын асырған тұлғаның есімімен аталады. Оның ар-ожданы, сенімі мен нанымы, туған еліне адал қызметі ұрпаққа үлгі болып келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу