Астана мен бірқатар өңірде үсік жүреді
Қазақстанның бірқатар өңірін
жауын жауып, тұман басады. Көктайғақ болады. Ал бірнеше облыста желдің екпіні
секундына 15-28 метрге дейін жетеді. Қатты жел Астана, Ақмола, Маңғыстау, Абай,
Қостанай, Павлодар, Қызылорда және Жамбыл облыстарында соғады. Әсіресе Қостанай
облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Жетісу облысында түнде екіден 7 градусқа, Алматы облысында бірден 6 градусқа
дейін үсік жүреді. Атырау облысында түнде қатты жауын-шашын болып, қар жауады.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік Қазақстан
облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Ұлытау, Түркістан, Шығыс Қазақстан,
Абай, Қостанай, Павлодар және Жамбыл облыстарында тұман басады. Сонымен қатар Қызылорда
облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы