Басты Жаңалықтар Жол сапасына партиялық бақылау күшейеді

Жол сапасына партиялық бақылау күшейеді

Қазақстандықтардың жол сапасына қатысты шағымы көп. Соңғы үш айда «Әділет» партиясына түскен 7 мыңнан астам өтініштің мыңнан астамы жол инфрақұрылымына қатысты. Бұл мәселе Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында қаралды. Сегіз облыстағы жолдардың жағдайы, жөндеу жұмыстарының созылуы және ауылішілік жолдардың сапасы талқыланды. Тексерілген жол материалдарының шамамен үштен бірі белгіленген талапқа сай емес. Ал 1,5 мыңға жуық нысан сапасына қатысты заң бұзушылықтарға қарамастан қабылданған. Жиында Таразда басталмаған жөндеу жұмыстарына актілер арқылы 250 миллион теңгеден астам қаражат төленгені де айтылды. Комитет проблемалық жол учаскелеріне барып, жөндеу сапасы мен бюджет қаражатының жұмсалуын бақыламақ.

Бөлісу