Басты Жаңалықтар Технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады

Технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады

АҚШ Конгресінде өткен сайлауда Демократиялық партия жеңгеннен кейін әлемнің қор нарықтарында жоғары технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады. Олар триллиондаған доллар жоғалтқан. Инвесторлар болса, демократтар жасанды интеллектіге бақылауды күшейтіп, оның дамуын тежейді деп алаңдап отыр. Демократиялық партиядан шыққан кандидаттардың көбі сайлауалды науқанда дата-орталықтарының құрылысын және жасанды интеллект дамуын тежеуге уәде берген еді. Олардың пікірінше, бұл сала тым жылдам әрі бақылаусыз дамып жатыр. Салдарынан миллиардер Илон Масктің SpaceX пен Tesla компанияларының акциялары 300 млрд долларға құлдыраған. Әсіресе чип және жартылай өткізгіштер шығаратын фирмалар шығынға батты. Nvidia компаниясы 400 млрд долларға арзандап кеткен. Азияның қор биржасының индекстері де төмендеп жатыр.  Оңтүстік Кореялық  Kospi 8,5 пайызға, Жапониялық Nikkei 225  6 пайызға арзандаған.

Бөлісу