Жолдау – ел дамуының бағытын айқындайтын стратегиялық құжат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы – ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ендігі міндет – онда белгіленген басымдықтарды бағамдап, нақты іске асыру. Мақсат шеңберінде Шымкент қаласының әкімдігі «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жиын өткізіп, жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады. Басқосуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президент нұсқаған бағыт-бағдардың мән-маңызына тоқталды. Айтуынша, Жолдауда көтерілген экономикалық өркендеу, әлеуметтік тұрақтылық пен инфрақұрылымды дамыту - елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады. Ал белгіленген міндеттердің түпкі нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан көрінуі тиіс.
Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі:
Қазақстанды жаһандық өндіріс тізбегіне енгізу, ауылшарушылығына ЖИ технологияларын қолдану, инвесторларды қолдау тетіктерін жетілдіру, ең төменгі жалақыны арттыру мәселелері жолдаудың маңызды бағыттары ретінде айқындалды.
Технология дамыған сайын цифрлық ортадағы жауапкершілік те арта түседі. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпау, өзгенің жеке өміріне қол сұқпау, дербес деректерді қорғау – бүгінгі қоғамның мәдениет өлшемі. Қоғамдық кеңес мүшесі Бақтияр Тайжан жаңа кезеңде заман көшіне ілесу үшін білімді әрі ізденімпаз болудың маңызына тоқталды.
Бақтияр Тайжан, Қоғамдық кеңес мүшесі:
Баяғыдай алма піс, аузыма түс дейтін заман емес. Қазір заман ағымы өзгерді. Нағыз білімдінің заманы. Баяғыда айтылып еді, біз бойнг істеп ағылшындардан оза алмаймыз, мерседес істеп немістерден оза алмаймыз деген. Біздің озатын жеріміз – ауыл шаруашылығы.
Басқосуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, білім мен ғылымды дамыту, адами капиталды арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар қала тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениеті арттыру қажеті де айтылды. Жиын соңында қатысушылар жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы