Биыл 200 кәсіпорын іске қосылады
Қазақстанда 2026 жылы жалпы құны 1 триллион 700 миллиард теңгеге жуық 200-ге тарта жаңа кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты. Оның сөзінше, биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 8,6 пайызға жетіп, өндіріс көлемі 24,2 триллион теңге болған. Ал саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14 пайыздан асты. Әсіресе машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі мен фармацевтика салаларында өсім байқалады. Мемлекет енді отандық өндірісті дамытуға және импортқа тәуелділікті азайтуға басымдық бермек. Осы мақсатта жаңа жобалар нарықтағы сұранысқа, қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатына және ресурстардың қолжетімділігіне қарай бағаланады. Сонымен қатар өнеркәсіптік кластерлерді дамытудың жаңа моделі енгізілуде. Бұл ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес арасындағы өндірістік байланысты нығайтып, түпкілікті өнім шығаруды арттыруға мүмкіндік береді.
Нұрлыбек Нәлібаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары:
Басты мақсат – импортқа тәуелді болмай өзіміздің өндірістік мүмкіндімігізге сүйену. Мемлекеттік қолдау эл экономикасына барынша оң әсер беретін жобаларға көрсетіледі. Өнәркәсіп және құрылыс министрлігі өндірісті қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесін бекітті. Енді әрбір жаңа жоба нарықтағы сұранысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесіне және жер ресурстарының қолжетімділігіне қарай сәйкес қаралады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы