Басты Жаңалықтар Жол салу стандарттары өзгереді

Жол салу стандарттары өзгереді

Жол салу сапасының стандарттарын жетілдіру қажет. Бүгін Олжас Бектенов саланы реформалау жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Көлік министрі мен ҚазАвтоЖол компаниясының төрағасы, Құрылтай депутаттары қатысты. Онда жолдың сапасы мен жұмысын шала атқарғандар жайлы құзырлы мекемелердің дерегі баяндалды. Бас прокурордың бірінші орынбасары қазір 33 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталғанын айтты. Кепілдігі бітпеген жолды 36 миллиард теңгеге кері жөндемек болғандар анықталыпты. Сондай-ақ тас жол құрылысына сапалы материал пайдалану мәселесі көтерілді.  Ол үшін зауыттардың өндірісі дамытылмақ. Үкімет басшысы бұған дейінгі қателіктерді жойып, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыру керек екенін айтты. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жүйесін жетілдіруді тапсырды.

Дархан Иманашев, «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасы:

Битум мәселесі бойынша PHD технологиясы халықаралық деңгейде пайдаланылады. Біріншіден ол әр төңіректің климатын, тасын, қозғалыс қарқындылығын қарастырып арнайы ассольды бетонды шығару мүмкіншілігі болады және қиыршық мәселесі бойынша жаңадан қосымша талаптарды енгізіп жатырмыз.

Жақсылық Жасұлынұлы

Бөлісу