2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
Қазақстан 2029 жылға қарай электр энергиясының тапшылығын жойып, 20 пайыздық профицитке қол жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жолдауды түсіндіру бойынша құрылған республикалық жұмыс тобының өкілдері Ақмола облысына жасаған сапарында мәлімдеді.
Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық кеңесінің өкілдерінен және Үкімет мүшелерінен құралған жұмыс тобы алдымен Көкшетаудағы жоғары оқу орнының студенттерімен, оқытушылар құрамымен жүздесті. Одан соң шаһардағы ірі өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесіп, ел дамуының басым бағыттарын талқылады.
Ерлан Ақбаров, Энергетика вице-министрі:
Біздің дефицитті алу үшін оған да алдымызға мақсат қойды. Электр энергетикалық нысандарды қазір 2029 жылға дейін қатар-қатарымен кезең-кезеңімен қосу көзделген. Сонда бізде 2029 жылы бізде 20 пайыз профицит болады. 20 пайыз жалпы элерт энергияны артық өндіретін боламыз.
Маржангүл Бадбас, зауыт жұмысшысы:
Президентіміздің Жолдауы енді бізге ұнағаны аурухана салынып жатыр, салынады деді, мектептер салынады деді. Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартып, айлық қаражатын 110 мыңға арттырамыз деді. Жол инфрақұрылымын жақсартамыз деп жатыр. Осының бәрі халыққа жақсы әсер етіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы